5 қыркүйек күні мектебімізде ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне
және Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектепішілік сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі,
ағартушылық қызметі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар ана тілінің қадір-қасиеті, тілге құрмет, ел бірлігі мен татулық құндылықтары
кеңінен насихатталды. Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра.
Ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді құрметтеу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз берік болсын! Тілдер мерекесі құтты болсын!









