Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тлектес жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Тлектесская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
22
февраля
2024
|
- Родительская категория: Новости
Тлектес жалпы орта білім беру мектебі
2023-2024 оқу жылы
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер онкүндігінің
ТАЛДАУЫ
2023 жылдың қараша айының 20-29-і күндері аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер онкүндігі өткізілді. Мақсаты: оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, жан-жақты білімдері мен біліктерін көрсете білуге үйрету, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше жұмыс жасап, қорытынды жасай білуге, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын анық әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
20.11.2023 күні онкүндіктің ашылуы өткізілді. Оқушыларға онкүндік жоспары таныстырылды, онкүндікке белсенді қатысуға шақырды.
6 сыныпта математика пәнінен «Рационал сандарды бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Базарханов Е.Ж. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұппен жұмыс жасады. Оң жақтары: Оқушыларды қызықтыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында мұғалім смартфон арқылы әртүрлі тапсырмалар пайдаланды, саралау тапсырмалары ұсынылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ соңында бағалау критерийлеріне сүйене отыра, оқушылар тиісінше ұпай сандарын жинады. Ұсыныс: техникалық қамтамасыз ету құралдарын алдын ала әзірлеу.
21.11.2023 күні 8 сыныпта физика пәнінен «ПӘК» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Айтқалыұлы Олжас. Сабақ мақсатына жетті. Оң жақтары: сабақ тақырыбына шығу мақсатында «Миға шабуыл» жүргізілді. Мұғалім сабақ тақырыбына байланысты әртүрлі жетекші сұрақтар қойып отырды. Ұсыныс: сабақта әртүрлі әдістерді түрлендіру, оқушылардың белсенді жұмыс жасауына жағдай жасау.
5 сыныпта информатика пәнінен «Векторлық суреттерді құру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Махмұт Ә.Е. Сабақ барысында оқушылар жеке, топпен жұмыс жасады. ДК жұмыс жүргізді. Оң жақтары: оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында сабақ басында ұйымдастыру кезеңі жүргізілді. Оқушылар сабақ тақырыбына өздері шықты. ДК жұмыс жасау барысында оқушылар терең білімдерін көрсете алды. Ұсыныс: саралау тапсырмаларын ұсыну.
22.11.2023 күні 7 сыныпта биология пәнінен «Жапырақтың құрылысы мен қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Базарханова Ә.Ж. Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақ барысында оқушылар белсенді жұмыс жасады. Оң жақтары: сабақтың әр кезеңі логикалық тұрғыда ұйымдастырылған. Сабақтың әр кезеңі қорытындыланып отырды. Саралау тапсырмалары қолданылды. Сабақ барысында мұғалім өзі құрастырған электронды оқу құралын пайдаланды. Оқушылар кеппешөптермен жұмыс жасады.
23.11.2023 күні 7 сыныпта алгебра пәнінен «Функцияны кестемен беру тәсілі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Мағзұм Қ.Е. Сабақтың әр кезеңі сақталған, мұғалім әр кезеңді қорытындылап отырды. Оң жақтары: оқушылар сабақ тақырыбына есеп шығару арқылы шықты. Оқушылар математикалық тілді жақсы пайдаланады. Ұсыныс: АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану, тайм-менеджмент сақтау.
5 сыныпта жаратылыстану пәнінен «Таза заттар және қоспалар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Дюсенбаева А.К. Сабақ барысында оқушылар зерттеу жұмысын жүргізді. Сабаққа оқушылар белсенді қатысты. Сабақ өз мақсатына жетті.
5-8 сыныптарда «Математика дарындары» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Пән мұғалімдері: Базарханов Е.Ж., Мағзұм Қ.Е. Іс-шара барысында оқушылар 2 топқа бөлініп 3 кезеңге бөлінген түрлі тапсырмалар орындап жарысты. Оқушылар математикалық білімдерін көрсете алды. Іс-шара соңында оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
27.11.2023 күні пән мұғалімдері мектеп мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті. Махмұт Ә.Е. Padlet онлайн тақтада жұмыс, Айтқалыұлы О. виртуалды зертхана, Базарханов Е.Ж. Hot potates бағдарламасыгда тапсырмалар әзірлеу, Базарханова Ә.Ж. Turbosite бағдарламасында электронды оқулық әзірлеу, Дюсенбаева А.К. мәтінмен жұмыс жасау түрлері тақырыбында тәжірибе алмасты.
28.11.2023 күні Махмұт Ә.Е., Айтқалыұлы О. 7-11 сыныптарда «Білімдер додасы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар 3 топқа бөлініп әр түрлі информатикалық және физикалық сұрақтарға жауап берді. Белсенді қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.
Онкүндіктің әлді жақтары: Пән мұғалімдері онкүндікті тиянақты ұйымдастырды. Ашық сабақтарда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Пән мұғалімдері терең білім көрсете алды. Сыныптан тыс іс-шараларда оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында әртүрлі қызықты тапсырмалар әзірленді. Оқушылар белсенді қатысты. Әлсіз жақтары: ауа-райын байланысты география және химия пәндерінен іс-шаралар өткізілмеді.