ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тлектес жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Тлектесская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Тлектес а.
+7 (718) 394-07-68
tlektes@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тлектес жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Тлектесская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сізді мектебіміздің ресми сайтында көргенімізге қуаныштымыз.

Біздің білім беру мекемесінің қалай өмір сүретінін білгісі келетіндердің барлығына арналған сайт

Бөлімге өтіңіз
7
Қыркүйек
2026

5 қыркүйек күні мектебімізде ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне

және Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектепішілік сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттарының барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі,

ағартушылық қызметі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар ана тілінің қадір-қасиеті, тілге құрмет, ел бірлігі мен татулық құндылықтары

кеңінен насихатталды. Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра.

Ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді құрметтеу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз берік болсын! Тілдер мерекесі құтты болсын!

1
Маусым
2026

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мереке барысында балаларға арналған қызықты ойындар өткізіліп , көңілді флешмоб ұйымдастырылды. Шара аясында балаларға балмұздақ таратылып ,мерекелік көңіл күй сыйланды. Сонымен қатар "Тұлпар" сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтіп ,жазғы маусымның басталуы жарияланды . 

WhatsApp Image 2026 06 09 at 10.46.42WhatsApp Image 2026 06 09 at 10.46.49Снимок экрана 2026 06 09 110800

1
Қыркүйек
2026

1 қыркүйек күні мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен оқушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға ізгі тілектер айтылып, жаңа оқу жылына сәттілік пен толағай жетістіктер тілінді.

Барлық сыныптарда «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаны қорғау, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау, табиғатты аялау және қоғамдық құндылықтарды құрметтеу туралы түсінік берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, еліміздің жарқын болашағы әр азаматтың жауапкершілігінен басталатынын талқылады.

Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымыз бен оқушыларымызға сәттілік, жаңа мүмкіндіктер мен биік жетістіктер әкелсін!

 

28
Тамыз
2026

Мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында өткен оқу жылының жұмысына талдау жасалып, жаңа оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері айқындалды.

Күн тәртібі

  1. 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы мен нәтижелеріне талдау жасау.
  2. Мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылау және бекіту.
  3. 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың негізгі бағыттарымен таныстыру.
  4. 2026–2027 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен басым бағыттарын таныстыру.
  5. BilimClass білім беру платформасында оқу үдерісін ұйымдастыру және электрондық құжаттаманы жүргізу ерекшеліктері.
  6. «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері.

   

       

 

18
Қыркүйек
2024

Мектеп учаскісінде "Жергілікті жердің дәнді дақылдардың өсуіне әсері" тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді.

зерттеу4   зерттеу3

 

зерттеу2    зерттеу1

 

18
Қыркүйек
2024

Оқушыларға экологиялық және еңбек тәрбие беру мақсатында мектеп ауласына бау-бақша отырғызылды.

бау бақша2     бау бақша 1    

бау бақша 4     бау бақша

 

 

© 2026. Все права защищены.