Мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында өткен оқу жылының жұмысына талдау жасалып, жаңа оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері айқындалды.
Күн тәртібі
- 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы мен нәтижелеріне талдау жасау.
- Мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылау және бекіту.
- 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың негізгі бағыттарымен таныстыру.
- 2026–2027 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен басым бағыттарын таныстыру.
- BilimClass білім беру платформасында оқу үдерісін ұйымдастыру және электрондық құжаттаманы жүргізу ерекшеліктері.
- «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері.









